Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелді ұрып-соққан ер адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті
Ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

Жақында желіде ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқаны көрсетілген видео тарады – күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Алматы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицейлер бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда ер адамның әйелді ұрып-соққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын жазған едік.

Видеодан креслода отырған әйелді әлдебір ер адамның келіп ұра бастағанын, ал әйелдің бетін қолымен жауып қорғанғанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081861-almatyda-aieldi-uryp-soqqan-er-adam-ustaldy-video/