Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында Жайық өзенінен ер адам өлі табылды

Опубликовано:

Құтқарушылардың жұмысы
Құтқарушылардың жұмысы. Көрнекі сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысында өзенде белгісіз ер адам өлі табылды. Бұл өткен жылы суға батып кеткен жасөспірім деп болжанып отыр, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Атырау облысы полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша, 14 сәуірде, жексенбіде сағат 18:10 шамасында Атыраудағы ықшамаудандардың бірінде Жайық жағасынан белгісіз ер адам өлі табылған.

Қазір қайтыс болған адам өткен жылдың маусым айында Жайықта суға батып кеткен 2008 жылы туған жасөспірім болуы мүмкін деп болжанып отыр. Сол кезде жоғалған жасөспірім табылмаған еді.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, кеше Құлсарда 6 сәуірден бері іздеуде жүрген әкесі мен баласының мәйіттері табылған еді. 1976 жылғы ер адам мен оның 2000 жылғы ұлы су басқан үйін тексеруге кетіп, олар эвакуация орнына оралмаған. Сол кезден бастап құтқарушылар жоғалғандарды іздестірі бастаған.

Осы көктемде Құлсарыда су тасқыны салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұған дейін су басқан үйді тексеру үшін трактормен кетіп бара жатып аударылып, суға батып кеткен екі адамның денесі табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2084702-atyrau-oblysynda-zaiyq-ozeninen-er-adam-oli-tabyldy/