Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: БҚО-ның төрт ауданы мен Орал қаласы мектептерінде оқушылар қашықтан оқиды

Опубликовано:

Онлайн сабақ оқып отырған қыз
Онлайн сабақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының төрт ауданындағы мектеп оқушылары 15 сәуірден бастап қашықтан оқитын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады, деп жазады "Мой город" басылымы.

Басылым өкілдерінің ведомствоға сілтеме жасап хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі үшін облыстағы төтенше жағдайға байланысты мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестің шешімімен 15 сәуірден бастап оқу процесі онлайн режимінде өтеді.

Сабақ Bilimland.kz, Daryn.online платформалары арқылы болады.

"Мектеп оқушыларын білім берудің техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде", - деді Орал қалалық білім басқармасы өкілдері.

Басылым мәліметінше, Ақжайық, Теректі, Бөрлі аудандары мен Бәйтерек ауданындағы қалалық колледждер мен мектептердің оқушылары да қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

Айта кетейік, бүгін "Қазгидромет" РМК мамандары Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084597-su-tasqyny-bqo-nyn-tort-audany-men-oral-qalasy-mektepterinde-oqusylar-qasyqtan-oqidy/

pixel