Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есілде су деңгейі көтерілді: Ақмола облысында жолды су шайып кетті, ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Эвакуация
Эвакуация. Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысында су тасқыны жағдайы күрделеніп барады – су кеше кешкісін жолды, түнде топырақ үйіндісін шайып кетті. Ауылдардың бірінің тұрғындары эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, 14 сәуірде сағат 21:00 Ақмола облысында су деңгейінің көтерілуінен және еріген қар суының салдарынан Көкшетау – Атбасар автомобиль жолының 120-184 километрінің, яғни Максимовка ауылынан Атбасар қаласына учаскесінің жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Ақмола облысы Жарқайың ауданының Пригородное ауылында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты топырақ үйіндісі шайылды.

ТЖД құтқарушылары 20 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2084705-esilde-su-dengeii-koterildi-aqmola-oblysynda-zoldy-su-saiyp-ketti-auyl-turgyndary-evakuaciyalandy/