Эвакуация жүріп жатыр: СҚО-да 1,7 мыңнан аса үйді су басты (видео)
Жарияланған күні:
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында, атап айтқанда облыс орталығы – Петропавлда күрделі су тасқыны жағдайы байқалып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Республикалық ақпараттық штабта Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлдағы су тасқыны жағдайы туралы хабарланды. Су тасқыны туралы ақпарат Орталық коммуникациялар қызметінің Telegram-дағы арнасында жарияланды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде жағдай әлі де күрделі.
Сергеев су қоймасы 153 пайыз толып, су бөгет жотасынан 2 метр 83 см асты. Тәулік ішінде 20 см төмендеді.
"Есіл өзенінде су деңгейі жоғарылауда, бірақ Петропавл қаласында ағысы төменірек. Жоғарыда біртіндеп төмендеп келеді", - деп хабарлады ведомство өкілі.
Қазіргі сәтте облыста 1713 үй және 1115 үй маңындағы аумақты су басқан.
Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1050 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Өңір өкілінің айтуынша, екі тәулік ішінде Ойқала шағын ауданында құтқарушылар 100-ден астам ит пен 40-қа жуық мысықты эвакуациялаған.
Жалпы облыс бойынша 7477 адам эвакуацияланды, олардың 1852-cі бала.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, эвакуациялау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084696-17-mynnan-asa-uidi-su-basty-evakuaciya-zurip-zatyr-sqo-dagy-zagdai-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.