Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында әжейдің бақшасынан кішкентай баланың денесі табылды

Опубликовано:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Желіде Ақмола облысында қарт әйелдің бақшасынан кішкентай баланың денесі табылды деген ақпарат пайда болды. Бұл дерекке қатысты облыстық ДП өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жесінің жер учаскесінен жерленген ұл баланың сүйегі табылғаны туралы хабар тарады. Баланың ата-анасы туралы ештеңе белгісіз.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Кішкентай баланың денесі табылды деген дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта полицейлер қажетті тергеу жұмыстарын және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізіп жатыр.

"Кісі өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

Облыстық ПД Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087915-aqmola-oblysynda-aziin-baqsasynan-kiskentai-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel