jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қызылорда тұрғыны "спарталық" дулыға киіп, суретке түсемін деп дулығаны шеше алмай қалды (фото, видео)

    Ер адамды құтқару сәті
    Ер адамды құтқару сәті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Қызылорда тұрғыны естелік үшін суретке түсемін деп қиындыққа тап болды — ол "спарталық" дулыға киіп, темір дулығаны басынан шеше алмай қалған. Салдарынан құтқарушыларды шақыруға тура келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қызылордалық құтқарушыларға ерекше жағдайға тап болған адам туралы хабар келіп түске. Олар ер адамға басындағы темір дулығаны шешуге көмектесті.

    "Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға шешілмей жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғынның досы суретке түспек болып, басына темір дулыға киген, алайда оны шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды", - делінген ведомствоның Telegram арнасындағы хабарламасында.

    Қызылорда тұрғыны "спарталық" дулыға киіп, суретке түсемін деп дулығаны шеше алмай қалды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.