Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түгел жанып кетті": Атырауда пәтер өртеніп, екі бала қаза тапты

Жарияланған күні:

Өртенген пәтер
Өртенген пәтер. Фото: Атырау облысы ТЖД

25 сәуірде Атырау облысының Индер ауданы Индербор кентінде қайғылы жағдай болды. 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер түгел өртке оранып, екі жасөспірім қаза тапты. Қазіргі кезде өрт қойды деген күдікті ұсталып, қамауға алынған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"Интернетке шектеу, мигранттар": Мәскеудің бүгінгі келбеті қандай (фото)

Өрт 25 сәуір күні таңғы сағат 05:37 минутта болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше пәтер түгел жанып кеткен. Тексеру кезінде олар үйдің жатын бөлмесінен 9 және 6 жастағы балалардың денелерін шығарған.

Ал 29 жастағы балалардың анасы мен оның азаматтық некедегі 30-жастағы жолдасы ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген.

"Өрт шыққаны туралы ақпарат кеш хабарланды. Салдарынан құтқарушылар жеткенше пәтер түгел жанып кеткен. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді Атырау облыстық ТЖД бөлімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде өрт болған пәтердегі екі ересек адам терезеден секіріп кеткен деген ақпарат таралуда. Алайда бұл фактті Атырау облыстық ТЖД растамады.

Сонымен бірге өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өртенген пәтерден құтқарылған екі адамның аудандық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

"Әйел адамның жағдайы аса ауыр, денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Ер адамның жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі таңда екеуіде жансақтау бөлімінде аппартта жатыр. Әйелге санавиация шақыртылды", - делінген хабарда.

Облыстық полиция департаменті өрт қойды деген күдікті анықталғанын хабарлады.

"Өрт қойған күдікті анықталды, қамауға алынды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091107-pater-tugel-zhanyp-ketti-atyrauda-adam-qolymen-zhasalgan-ortten-2-adam-mert-boldy/