Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да із-түссіз жоғалған екі адамның бірі өлі табылды

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенінен танысымен бірге балық аулауға шыққан ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дереккөз ақпараты бойынша, Ертістен Огневка ауылының маңынан жоғалған ер адамның денесі табылған. Марқұм азамат із-түссіз жоғалған Өскемен тұрғынымен бірге балық аулауға кеткен еді, оны еріктілер іздестіріп жатыр.

Еріктілердің айтуынша, 21 сәуірде Өскемен тұрғыны Азамат Мақашев Ұлан ауданына қарасты Огневка ауылына балық аулауға кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. 33 жастағы ер адам үйінен арнайы киім киіп, өзімен бірге ұялы телефонын алып шыққан.

"Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерінен бөлек құтқарушы сүңгуірлер жұмылдырылды, олар қазір Ұлан ауданы, Огневка ауылы аумағында іздестіру жұмыстарн жүргізіп жатыр, бірақ әлі еш нәтиже жоқ", - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство дерегінше, бұған дейін сәуірде тағы бірнеше балықшы қайғылы оқиғаға тап болғаны тіркелген.

"Сәуірдің басынан бері Шығыс Қазақстан облысында екі балықшының денесі табылды. Бірінші қайғылы оқиға 14 сәуірде Ертіс өзенінің Кремнюха ауылынан 10 шақырым жерде болған. Ол жерде 1983 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.

23 сәуірде Огневка ауданында 1991 жылы туған тағы бір балықшының денесі табылды. Ол із-түссіз жоғалған өскемендік тұрғынмен бірге балық аулауға шыққан, бірақ оралмаған. Табылған ер адамдардың барлығы құтқару кеудешесін кимегені анықталған. Тағы бір балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп жазады басылым ведомство хабарламасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары балықшыларға ауа райын тексеріп, балық аулайтын жері мен шамамен қай уақытта үйге оралатынын жақындарына хабарлап, ескерту керегін айтты.

"Қайыққа отырмас бұрын құтқару жейдесін кию керек", - деді ШҚО ТЖД өкілі.

Еске салайық, 19 сәуірде Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында 31 наурыздан бері іздестіріліп жатқан балықшының денесі табылды. Жоғалған адамды іздеуге құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2093081-shqo-da-iz-tussiz-zhogalgan-eki-adamnyng-biri-oli-tabyldy/