Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Қаратау кенішінде 862 млн теңге жымқырылу дерегі бойынша тергеуді аяқтады

Опубликовано:

Теңге
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қаратау" ЖШС бұрынғы басшылығына ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы), "Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады

"Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде.

Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және "Қаратау" ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық салдарынан жасалған", - делінген Агенттік хабарламасында.

Ведомство өкілдері қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілгенін, "Iri building" ЖШС-нің нақты иесі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Антикор бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар Қостанай облысындағы бірегей "Шевченковское" кен орны қайтарылғанын еске салды. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2093414-qaratau-kenishindegi-uran-ongdeu-kasipornyn-zhanggyrtu-kezinde-862-mln-tengge-zhymqyrylgan/

pixel