Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты іс сотқа жетті

Опубликовано:

Тимур Тоқтабаев
Тимур Тоқтабаев. Фото: primeminister.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, Тоқтабаев Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда.

"Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған. Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады.

Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура айыпталушы Тимур Тоқтабаевты сотқа берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.

Айта кетейік, Тимур Тоқтабаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен былтыр қараша айында ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030707-eks-vice-ministr-timur-toqtabaevqa-qatysty-is-sotqa-zetti/

pixel