Бишімбаев соты: жарыссөзден онлайн-трансляция
Жарияланған күні:
Астанада азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз жалғасуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы сағат 14:30-да басталды. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-тегі арнасынан көруге болады.
Айта кетейік, бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі. Адвокат судьямен тағы да дауласып қалды.
Сондай-ақ Ерлан Ғазымжанов жарыссөз кезінде сотталушыға тағылған айыпты жоққа шығаруға тырысты. Ол: "Бишімбаев әйелін өлтіргісі келсе, оны қала сыртында өлтіріп, жерге көміп тастауына немесе клиллер жалдауына болар еді" деді.
Сондай-ақ бүгін сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров KAZ.NUR.KZ тілшісіне арнайы сұқбат беріп, Бишімбаев ісіндегі медициналық сараптама қалай жасалғанын айтып берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095436-bishimbaev-soty-onlain-transliatsiia/