Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында суға қонуға мәжбүр болған ұшақ: желіде әуе апатының видеосы тарады (видео)

Опубликовано:

Суға апатты қонған ұшақ
Суға апатты қонған ұшақ. Видеодан кадр: t.me/shot_shot

Ресейлік БАҚ Қостанай облысында Ан-2 ұшағы суға қонғаны түсірілген видео жариялады. Ол Shot Telegram арнасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған видеодан ұшақ суға қонғаннан кейін аударылып кеткенін көруге болады.

"Ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде белгілі бір уақытта күрт төмендей бастаған, кейін ол суға қонып, аударылып түсті", - деп жазды басылым.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі "Навигатор" әуекомпаниясына тиесілі Ан-2 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін күрт төмендеп, тоғанға құлағанын хабарлаған еді.

Апат кезінде ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.

Арнайы құрылған комиссия төтенше жағдайды зерттеп, оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095637-qostanai-oblysynda-suga-qonuga-mazhbur-bolgan-ushaqtyng-videosy-zhelide-tarady-video/

pixel