Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайда велосипедпен ағашқа соғылған жасөспірім көз жұмды

Жарияланған күні:

Бурабай
Бурабай. Көрнекі фото: borovoe.kz

Желіде Бурабай курортына велоспипед тебуге келген астаналық жасөспірім ағашқа соғылып, көз жұмғаны туралы мәлімет пайда болды. Ақпаратты Ақмола облысы полиция департаменті растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі nayzakokshe парақшасында пайда болған. Жазба авторының айтуынша, 5 мамырда Астанадан 18 оқушы Бурабайға келген. Екі жасөспірім велосипедті жалға алып, серуенге шыққан. Алайда оқушы тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғылған.

Бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген Ақмола облысы полиция департаменті оқыс оқиғаны растап, велосипедті жалға берген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған бала велосипедті жалға алғаны, велсипедпен ағашқа соғылғаны анықталды. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, тергеу жалғасуып жатыр", - деп ақпарат берді KAZ.NUR.KZ тілшісіне полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2096807-burabaida-velosipedpen-agashqa-sogylgan-zhasospirim-koz-zhumdy/