Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киелі жануар емес пе": Алматы іргесінде жылқыларды шошқа өлекселерінің ортасында бағып отырған тұрғын анықталды

Опубликовано:

Қырғауылды
Қырғауылды ауылы. Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында жылқыларды шошқа өлекселерімен бірге ұстап отырған тұрғын анықталды. Салдарынан ауылдағы Бірлік көшесін жағымсыз иіс алып кеткен. Ауыл тұрғындары әкімдіктегілерден жағдайға қатысты шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қырғауылды тұрғындары желіде жағымсыз иіске шағымданды. Instagram-да пайда болған видеодан ашық ауладағы жануарларды көруге болады. Онда тірі жылқылар өлген шошқалармен бір жерде жатыр. Видео авторы жағымсыз иістің өлекседен шығып жатқанын сол сәтте түсініп отырғанын айтады.

"Мұнда бізде апатты жайт. Тірі жануарларды өлілермен бірге ұстап отыр. Мәселе жылдар бойы шешілмей келе жатыр. Нақтысын айтсақ, оны біз қазір ғана біліп отырмыз. Біз бұл иіс малдың тезегі мен нәжісінен бе деп жүрсек, мұнда өлекселер жатыр екен", - делінген видео сипаттамасында.

Видео авторы тірі жүрген жылқылар да өлуге шақ қалғанын айтады. Олар малдың иесіне шара қолдануды сұраған.

Желі қолданушылары да автордың айтқанын растап отыр.

"Мен осы ауылда тұрамын, 10 жыл болды алысып келе жатқанымызға, ешқандай өзгеріс жоқ. Иісіне шыдау мүмкін емес, бүкіл ауыл шошқа сасып кетті", " Обал екен, адамның жүрегін ауыртатын бейне. Жылқы киелі жануар емес пе? Шошқамен бірге ұстауға бола ма?", - деп пікір қалдырған олар.

Аудандық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, тұрғындардың шағымы бойынша Қарасай ауданы әкімінің орынбасары тиісті жағдайда ұсталмай отырған мал иесімен сөйлескен. Нәтижесінде шошқа мен жылқыны сату туралы келісімге қол жеткізген.

"42 шошқа шығарылды, жылқыларды 12:00-де алып кету жоспарланып отыр. Бұл жағдай ауылдық округ әкімі, полиция және ветеринарлық станцияның бақылауында. Тіркелмеген 26 шошқаны 4 мамырдан бастап уақытша ұстайтын "Актава" ұйымымен келісім жасалды. Тасымалдау мәселесін аудан әкімдігі шешті", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095799-kieli-zhanuar-emes-pe-almaty-irgesinde-zhylqylardy-shoshqa-olekselerining-ortasynda-bagyp-otyrgan-turgyn-anyqtaldy/

pixel