Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қашып, ұстау кезінде оқ атқан

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қашып, ұстау кезінде оқ жаудырды. Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әскерден қашқан сарбаз туралы ақпарат Atyrau Online басылымында хабарланды. Басылым тілшілерінің мәліметінше, 8 мамырға қараған түні 41433 әскери бөлімінің сарбазы қару-жарақпен және оқ-дәрімен қашып кеткен.

Ұстау кезінде сарбаз оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер "Арлан" және ҰҚК арнайы бөлімшелерін көмекке шақырған.

Биылғы 18 сәуірде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткені белгілі болды. Бұл оқиғаға қатысты Атырау гарнизонының баспасөз қызметі түсінік берді.

"2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісінің бекітілген қарумен бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады бөлімшедегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097611-atyrauda-sarbaz-askeri-bolimnen-qashyp-ustau-kezinde-oq-atqan/

pixel