Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарумен Атырауға қашып кеткен сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Әскери бөлімнен қарумен Атырауға қашып кеткен мерзімді қызмет сарбазына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қызмет орнын қарумен қалдыру фактісі бойынша Батыс Өңірлік әскери-тергеу басқармасы мерзімді қызмет әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілінің жауабында.

Бұған дейін Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қашып, ұстау кезінде оқ жаудырғаны хабарланған еді. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер "Арлан" және ҰҚК арнайы бөлімшелерін көмекке шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097629-qarumen-atyrauga-qashyp-ketken-sarbazdyng-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel