Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитаны іздестіріліп жатыр
Жарияланған күні:
Павлодар облысында сүңгуірлер суға батқан азаматты іздеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол кеме палубасынан суға құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Ведомство ақпаратынша, 8 мамырда сағат 23.25-те облыстық ТЖД дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.
"Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр", - деп хабарлады департаменттен.
Кеме "Қазақстан су жолдары" РМКК-ға тиесілі болған. Болжам бойынша, кеме капитаны палуба үстінде тұрғанда өзенге құлап, батып кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098004-pavlodar-oblysynda-suga-batyp-ketken-keme-kapitany-izdestirilip-zhatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.