Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол-көлік апаты
Оқиға орны. Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Самара – Шымкент тасжолында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 9 мамырда Ырғыз ауылының маңындағы Самара–Шымкент автожолында "ВАЗ" автокөлігі мен ілеспе бағытта келе жатқан MAN жүк көлігі соқтығысқан.

"Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098274-aqtobe-oblysynda-zhengil-kolik-pen-zhuk-koligi-soqtygysyp-ush-adam-qaza-tapty/