Қызылордада алты жасар ұл бала мен жеті жасар қыз балконнан құлап кетті
Жарияланған күні:
Қызылордада кеше, 12 мамырда екі бала – алты жасар ұл мен жеті жасар қыз балконнан құлап кетті. Балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнайында жарияланған ақпарат бойынша, ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттың балконынан құлап кеткен.
Балалар қалалық ауруханаға жатқызылған. Алайда олардың қал-жағдайы туралы мәлімет берілмеген.
Құтқарушылар ата-аналарға мына жайттарды ескертеді:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаларға ересектердің бақылауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Айта кетейік, жақында Павлодарда төрт жасар қыз бала 5-қабаттан құлап, бас жарақатын алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі 8 мамырда Қазақстанның екі қаласында жарты сағатта екі бала терезеден құлап кеткенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2099282-qyzylordada-alty-zhasar-ul-bala-men-zheti-zhasar-qyz-balkonnan-qulap-ketti/