Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдан Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға шұғыл қонды: жолаушылардың бірі қайтыс болды

Опубликовано:

Ұшақ борты
Ұшақ борты. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 15 мамырда Қостанай-Алматы бағытындағы ұшақ рейсі елордаға шұғыл қонды. Рейстегі жолаушылардың бірі қайтыс болғаны расталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған телеарна мәліметінше, кеше рейс кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Бортсеріктер жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын бірден тексерген.

Нұсқауларға сәйкес экипаж мүшесі ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастап, борттан дәрігер іздеген. Кейін бортсеріктер дәрігермен бірге дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациялық шарасын жасады, деп хабарлады әуе компаниясы өкілдері.

"Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды.

Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуе компаниясы жолаушының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2101379-qostanaidan-almatyga-ushqan-ushaq-astanaga-shugyl-qondy-zholaushylardyng-biri-qaitys-boldy/