Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Опубликовано:

Су басқан жол бойындағы құм дорбалары
Көрнекі фото: depositphotos.com

Ұлытау облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен үйдерді қалпына келтіру жұмысы басталды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Көктемгі су тасқынынан облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында бірқатар үйге зақым келген. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп, қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Мәселен, Жаңаарқа ауданының Ынтымақ елді мекенінде 2 үй тұруға жарамсыз деп танылып, 1 үйге жөндеу жасау жөнінде шешім шығарылған. Бүгінгі таңда тұруға жарамсыз екі үй иесінің біреуіне аудан орталығынан жеке үй сатып алынды. Ал екінші отбасына Ынталы ауылында жаңа үй салынуда. Ал тағы бір отбасына үйіне жөндеу жүргізу үшін 1,1 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударылды.

Сонымен қатар облыстың Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентінде тасқыннан зардап шеккендерге жаңадан 3 үй салынып, 6 үйге жөндеу жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2101604-ulytau-oblysynda-su-tasqynynan-keiingi-qalpyna-keltiru-zhumystary-zhurip-zhatyr/