Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде әпкесі мен інісі жоғалып кетті: қыздың денесі табылды

Жарияланған күні:

қылмыс орны
Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұған дейін Семейде 16 жастағы ер бала мен оның 18 жастағы әпкесі жоғалып кеткені хабарланған еді. Әпкесі мен інісін іздеуге полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. Іздеу барысында қыздың денесі табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімдемесіне сәйкес, жоғалған жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны жұмылдырылған.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында суда табылды.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Ер бала әлі іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2102183-semeidi-apkesi-men-inisi-zhogalyp-ketti-qyzdyng-denesi-tabyldy/