Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында үш жасар қыздың денесі табылды: полиция істің мән-жайын айтты

Жарияланған күні:

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сарыағаш ауданында үш күн бойы іздестірілген 3 жасар қыздың денесі табылды. Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды.

"Тәртіп сақшылары қыздың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, іздеу іс-шараларына қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіреді", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласқан болатын. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтеншеліктер, әкімдік өкілдері, құтқарушылар, еріктілер және бей-жай қарамайтын барлық тұрғындар жұмылдырылды.

Бүгін таңертең кішкентай қыздың денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2103155-turkistan-oblysynda-ush-zhasar-qyzdyng-denesi-tabyldy-politsiia-isting-man-zhaiyn-aitty/