Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

90-жылдары "заңды ұры" атанған: Ресейден қашқан айыпталушы Қазақстанда ұсталды

Жарияланған күні:

кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық полицейлер қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды иеленген деп айыпталып, шетелде жасырынбақ болған күдіктіні ұстады. Бұл турады Ресей Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық тәртіп сақшылары қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды иеленген деп айыпталған Степан Фурманды Самара облысының қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне тапсырды.

Ол Ресей сотынан қашпақ болған кезде ұсталған.

Ведомство өкілдері Фурманның Ресей Федерациясында бірнеше рет сотты болғанын атап өтті.

Оған Ресей Ішкі істер министрлігінің Мурманск облысы бойынша өтініші негізінде Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған. 2021 жылы айыпталушы Португалияда ұсталып, 2022 жылы Ресейге экстрадицияланған.

2024 жылғы 20 мамырда іс сотқа қарауға жіберілген, алайда 19 мамырда Фурман Ресей аумағынан қашып кеткен.

РБК сайты тергеу Фурманды 1994 жылы "заңды ұры" болған деп топшылайтынын жазған. Айыпталушы мұны жоққа шығарған.

Фурманның төрт рет, оның ішінде екі рет зорлау бабы бойынша сотталғаны белгілі болды. Адвокаттар Фурманның қылмыс әлемінің серкесі болуы мүмкін емес екені, өйткені ол сол кездері қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2105187-90-zhyldary-zangdy-ury-atangan-reseiden-qashqan-aiyptalushy-qazaqstanda-ustaldy/