Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда ауыл тұрғыны қарындасымен ойнауға келген көрші қыздарға азғындық көрсетіп, зорлаған

Опубликовано:

зорлық-зомбылық
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Қылмыс 2022 жылдың жазында Түркістан облысы Отырар ауданында болған. 33 жастағы ауыл тұрғыны қарындасымен ойнауға келіп жүрген 10 жас шамасындағы көрші қыздарға жүйелі түрде азғындық жасап келген. Кінәлі деп танылған ер адамға сот үкімімен 25 жыл бас бостандығынан айыру мен химиялық кастрация жазасы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Іс материалдарына сүйенсек, қылмыскер туған ағасының қызымен құрдас жеткіншектерге бір емес бірнеше рет қорлық көрсеткен.

Қылмыстық істі қараған Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сотталған ер адам оларды қорқытып-үркіткен. Қолдарына ақша да ұстатқан. Бұл жағдай былтыр белгілі болды. Сот барысында қылмыскер кінәсін мойындаған жоқ.

Ал жәбірленушілер сотта жағдайдың қалай болғанын баяндап берген. Сот-медициналық сараптамасы да қыздардың қорлық көргенін дәлелдеді. Белгілі болғаны – қыздардың біреуі жыныстық зорлық көрсе, екеуіне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасалған.

33 жастағы қылмыскер Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігімен және 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оған Қылмыстық кодекстің 93-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сай химиялық кастрациялау түрінде және жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын мәжбүрлеп емдеу жазасы тағайындалды.

Одан бөлек сотталған ер адам моральдық залал ретінде балалардың заңды өкілдерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден беруге міндеттелді.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Автор: Назерке Еркінбекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2113368-turkistanda-auyl-turgyny-qaryndasymen-oinauga-kelgen-korshi-qyzdarga-azgyndyq-korsetip-zorlagan/