Шымкентте аттракциондар саябағында өрт шықты
Жарияланған күні:
Бейсенбі, 6 маусымда Шымкентте аттракциондар саябағында өрт болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында аттракциондар паркінің аумағында 240 шаршы метр алаңда өрт болды.
"Өрт толығымен жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Боралдай кентінде 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан отқа оранған үйден зейнет жасындағы кісі мен немересін сыртқа алып шығып, өрттен құтқарып қалғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ Жамбыл облысындағы 2 мың гектардай аумақты шарпыған табиғи өрт оқшауланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2113629-shymkentte-attraktsiondar-saiabagynda-ort-shyqty/