Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы 2 мың гектардай аумақты шарпыған табиғи өрт оқшауланды (видео)

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы өрт
Жамбыл облысындағы өрт. Видеодан кадр: instagram.com/jambyl_tjd

Жамбыл облысы Сарықоба орманшылығының аумағындағы 1800 га жерді шарпыған табиғи өрт оқшауланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт 4 маусымда басталған.

Облыс әкімдігінің өкілдері 5 маусымда таңертең 1800 га аумақтағы өрт оқшауланғанын мәлімдеді. Елдімекендерге қауіп жоқ.

"Техникамен өрт ошағының периметрін жырту жалғасуда, қарапайым аспаптар мен рюкзак бүріккіштерін пайдалана отырып локальды ошақтар мен түтін көздерін сөндіру жүргізіледі. Сөндіру жұмыстары өрт толық жойылғанға дейін жалғасады."Қазавиаорманқорғау" РМҚК патрульдік тікұшақтары барлау жүргізеді", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 167 адам және 39 бірлік техника, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Жамбыл облысы ТЖД 84 адам және 9 техника жіберілді. Сонымен қатар Алматы, Шымкент қалалары ТЖМ топтары мен Қазавиақұтқарудың 2 әуе борты дайындыққа келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112471-zhambyl-oblysyndagy-2-myng-gektardai-aumaqty-sharpygan-tabigi-ort-oqshaulandy-video/