Ақтау маңында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 8 маусымда Ақтау маңында болған жол апатынан зардап шеккен оқушының жағдайынан хабардар етті – жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп жазады Lada.kz.
8 маусымда Ақтау маңындағы тасжолда жол апаты болды. Көлікте мектеп оқушылары болған, олардың екеуі – 2008 және 2009 жылы туған балалар оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.
Кеше облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі бір баланың жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.
"Түрлі дене жарақатын алған жасөспірім балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы өте ауыр. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды", - делінген хабарламада.
Екінші жәбірленуші медициналық көмек көрсетілген соң үйіне шығарылған.
Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, жол апатына ұшыраған төрт оқушы да белсенді оқушы болған, түрлі олимпиадалар мен жарыстарда жеңімпаз атанған және дебат клубының мүшелері болған.
Ал полиция департаментінің өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2115321-aqtau-mangynda-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-zardap-shekken-oqushynyng-qazirgi-zhagdaiy-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.