jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында суға батып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды

    Суға батып жатқан бала
    Суға батып жатқан бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Кеше, 13 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде қайғылы жағдай болды – Түркістан облысында төрт жасар бала суға батып кетті. Оның денесін ауыл тұрғындары тауып алды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Басылым мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы Ынтымақ ауылында 2020 жылы туған ұл бала қайтыс болған. Баланың денесін жергілікті тұрғындар Ашынау каналынан тауып алған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, үлкендердің қарауынсыз қалған бала суға құлап, батып кеткен. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласында 4 маусымда үйінін шығып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен 13 жастағы баланың денесі бесінші күн дегенде Елек өзенінен табылғанын жазған едік. Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.