jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Туыстары қазір сол жақта": СІМ Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйел туралы пікір білдірді

    Айгүл Сайлыбаева
    Айгүл Сайлыбаева. Фото: kz.kursiv.media

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бүгін өткен брифингте Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаеваның Германияда жоғалып кетуіне байланысты жаңа мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің туыстары виза ала алмай жатқаны туралы ақпарат тарағанын еске салды. Олар СІМ ресми өкілінен қазіргі таңда қазіргі жағдайды баяндап беруін сұрады.

    "Бұл ескі ақпарат. Туыстары сол жақта, анасы да, ағасы да Германияда, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, біз полициямен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада полициядан ресми ақпарат келуі керек, күтіп отырмыз, әзірше нақты ештеңе айта алмаймын", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

    Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанның шетелдегі дипломаттарының тергеу жұмыстарына араласуға құқығы жоқ.

    "Бізге Вена конвенциясына сәйкес, рұқсат етілмейді. Алайда біз полицейлермен байланыстамыз. Туыстары қазір сол жақта. Туысқандарында барлық ақпарат бар. Егер олар хабарлама жасағысы келсе, барлық тиісті ақпаратты жариялайтын еді", - деді Смадияров.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.