Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол апатына ұшыраған автобус салонындағы камерадан видео жарияланды

Жарияланған күні:

Алматыдағы автобус апаты
Алматыдағы автобус апаты. Фото: NUR.KZ

Алматыда жол апатына түскен автобус салонындағы камерадан видео жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық көліктің камерасына таспаланған бейнежазбаны Telegram желісіндегі Almaty News парақшасы жариялады.

Онда 24 маусымда сағат 14:55-те автобустың Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы дүкенге соғылғанын көруге болады.

Еске салайық, бүгін Алматыда автобус жол апатына ұшырады. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. Кейін оқиғаның видеосы да жарияланған. Көп ұзамай автобус апатынан зардап шеккендердің нақты саны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124513-almatyda-zhol-apatyna-ushyragan-avtobus-salonyndagy-kameradan-video-zhariialandy/