jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің нақты саны аталды

    Алматыдағы автобус апаты
    Алматыдағы автобус апаты. Фото: NUR.KZ

    Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің нақты санын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "№18 автобусы апатынан 25 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, жедел медициналық қызмет келгенше бір адам қайтыс болды. Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

    Зардап шеккен қалған 22 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді, бәрінің жағдайы орташа ауыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

    Зардап шеккендер арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім де бар. Олардың жағдайы да орташа ауыр: бір баланың тізесі мен іші көгерген, екіншісінде мұрын сүйегінің жабық сынуы, ал үшіншісінде оң аяғының жабық сынуы болған.

    "Қазір науқастар қажетті ем-дом мен тексеруден өтіп жатыр. Содан кейін кімге стационарлық ем қажет екені, кімнің тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілетіні белгілі болады. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді басқарма өкілдері.

    Еске салайық, бүгін Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. Кейін оқиғаның видеосы да жарияланған.

    Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің нақты саны аталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.