Алматыдағы автобус апаты: бір жолаушы қаза тауып, 16 адам зардап шекті
Жарияланған күні:
Алматы қалалық ПД өкілдері автобус апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 16 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алмалы ауданында 14 сағат 20 минутта болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша автобус кедергіге соғылған.
Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарда.
Айта кетейік, бұған дейін апат орнында түсірілген видео жарияланғанын хабарлаған едік. Оқиға орнында түсірілген кадрлар Telegram-дағы Almaty News арнасында жарияланды. Видео кадрларынан бірнеше жедел жәрдем көрігін байқауға болады. Сондай-ақ Telegram-дағы арнада оқиға орнында түсірілген суреттер де жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124381-almatydagy-avtobus-apaty-bir-zholaushy-qaza-tauyp-16-adam-zardap-shekti/