Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ботаникалық бақ маңында мопед пен жеңіл көлік соқтығысты (фото)

Жарияланған күні:

Алматыдағы жол-көлік апаты
Алматыдағы жол-көлік апаты. Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда Тимирязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында мопед пен жеңіл көлік соқтығысты – жол апаты салдарынан мопедші медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында жарияланды.

Жазба авторларының мәліметінше, оқиға Тимирязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған.

"Мопед қызыл түске (бағдаршам сигналы – ред. ескертпесі) өтіп үлгермеді", - деп делінген жазбада.

Жол апатына түскен жүргізушілердің біріне медициналық көмек қажет болды. Бұл жөнінде NUR.KZ тілшісіне қалалық полиция өкілдері хабарлады.

"Бүгін түсте Алматының Бостандық ауданында Kia автокөлігі мен мопед бір-біріне соғылды Апат салдарынан мопед жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген.

Қазір тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2129247-almatydagy-botanikalyq-baq-mangynda-moped-zhengil-kolikke-sogyldy-foto/