Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда төрт жасар бүлдіршін балабақшада кәріз құдығына құлап кетіп, көз жұмды

Опубликовано:

кәріз құдығы
Кәріз құдығы. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда жеке меншік балабақшалардың бірінде төрт жастағы бүлдіршін кәріз құдығына түсіп қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

"Қаладағы жеке меншік балабақшалардың бірінде төрт жастағы сәбидің кәріз құдығына құлап кетіп, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайтынын айтты.

Қалалық білім бөліміндегілер де қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді.

"Қайғылы оқиға жеке балабақша аумағында болды. Қазір құзырлы органдар болған жайттың мән-жайын тексеріп жатыр", - дейді олар.

Еске салсақ, 2023 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысындағы Қырбалтабай ауылында да осыған ұқсас жағдай болып, үш жасар бала септикке құлап көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131806-atyrauda-tort-zhasar-buldirshin-balabaqshadagy-kariz-qudygyna-tusip-koz-zhumdy/