Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінен екі жасөспірімнің денесі табылды

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: Рixabay.com

Құтқарушылар Eсіл өзенінің ескі арнасынан екі жасөспірімнің денесін алып шықты. Қазір мамандар қайғылы жағдайдың себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Басылым мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында суға батып кеткен балалардың денесі табылған.

"Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметі бойынша, сағат 14:40-та Есіл өзенінің сағасында (ескі арна – ред. ескертпесі) Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-іздестіру тобы (8 адам және 1 ұшқышсыз көлік) 2009 және 2012 жылы туған жасөспірімдердің денесін тауып, судан шығарды", - деп хабарлады басылым авторлары.

Қазір кәмелетке толмаған балалардың өліміне қатысты жайттың жай-жапсары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысы Желаево ауылы маңындағы демалыс орталығында жасөспірім суға батып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2132169-soltustik-qazaqstan-oblysyndagy-esil-ozeninen-eki-zhasospirimning-denesi-tabyldy/