Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоқыстан нәрестенің денесі табылды

Жарияланған күні:

Қоқыс салатын контейнер
Қоқыс салатын контейнер. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Аталған жайт туралы ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде пайда болды.

Онда қоқыс сұрыптау кезінде "Green Recycle" ЖШС зауытынан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны жазылған.

"Оқиға 14 шілдеде болған. Кәсіпорын жұмысшылары конвейер бөлмесінен ұд баланың денесін тапты. Нәресте қоқыс пакетіне оралған", - деп жазады паблик.

Бұған қатысты қалалық полиция департаментінің ресми өкілі пікір білдіріп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, сараптамалар тағайындалды", - дейді Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Павлодар қаласында үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылған.

Сондай-ақ былтыр наурызда Алматыдағы өзеннен целофанға оралған сәбидің денесі табылды. Оны сол маңда қыдырып жүрген тұрғындардың бірі көріп, полицияға хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2134116-almatyda-qoqystan-narestening-denesi-tabyldy/