Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы автобус апаты: он шақты адам зардап шекті (видео)

Жарияланған күні:

автобус
Автобус. Видеодан кадр: almatynews_kaz

Алматыда жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды. Желіде куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеосы жарияланды. Қалалық полиция департаментінің алдын-ала мәліметі бойынша, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Telegram-дағы арналардың бірінде жол апаты Алматының Шаляпин және Әшімов көшесі қиылысы тұсында болғаны хабарланды.

Жол-көлік оқиғасы туралы Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді.

"Бұл жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданында сағат 09:15-те болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, аялдамада тұрған № 137 бағыттағы жолаушылар автобусына соқтығысты. Автобус инерциямен жолдың шығыс бетіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Алдын-ала мәлімет бойынша, 9 адам зардап шекті ", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасының басқа да себеп-салдарын анықтап жатқанын айтты.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. Кейін оқиғаның видеосы да жарияланған болатын.

Соо күні кешке қалалық қоғамдық денсаулық сақтау баскармасының баспасөз қызметі 6 адам зардап шегіп, бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын мәлімдеді.

Өткег жылы 22 желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті. Кейін үш адам қаза болғаны хабарланды.

26 сәуірде осы қайғылы жағдайға қатысты сот үкімі шығып, жүргізушіге жұдырық жұмсаған ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2134680-almatyda-zholaushylar-avtobusy-zhol-apatyna-tusti-video/