Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы бір автобус апаты видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Автобус салоны
Автобус. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда жол-көлік апатына ұшыраған тағы бір автобустың видеосы тарады. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген видеоны TikTok әлеуметтік желісінде nuriddin.1986 деген қолданушы жариялады. Кадр сыртындағы әйелдің айтуынша, оқиға 17 шілде күні сағат 04:18-де болған.

Оның сөзінше, №32 жолаушылар автобусының жүргізушісі айналу кезінде жеке үйдің қоршауын бұзып, газ құбырына тиіп кеткен.

Әйел автобус жүргізушісінің мас болғанын алға тартады.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісінебұл жайт таңертең Алматының Түрксіб ауданында болғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. Кейін оқиғаның видеосы да жарияланған болатын.

Соо күні кешке қалалық қоғамдық денсаулық сақтау баскармасының баспасөз қызметі 6 адам зардап шегіп, бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын мәлімдеді.

Өткег жылы 22 желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті. Кейін үш адам қаза болғаны хабарланды.

26 сәуірде осы қайғылы жағдайға қатысты сот үкімі шығып, жүргізушіге жұдырық жұмсаған ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында Алматыда тағы бір автобус апаты болып, он шақты адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2135898-almatyda-tagy-bir-avtobus-apaty-videoga-tusip-qaldy/