Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада төрт жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Жарияланған күні:

терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 тамызда Астанадағы Сарыарқа ауданында болған.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.

Төтенше жағдай министрлігі келесі нұсқаулықтарды ескеруді сұрайды:

* бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;

* терезелерге блокаторларды орнатыңыз;

* терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;

* москит торлары баланы құлап кетуден сақтамайды.

Еске салсақ, 16 шілдеде Ақмола облысында алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, оқиға көпқабатты тұрғын үй аумағында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2144443-astanada-tort-zhasar-bala-tortinshi-qabattan-qulap-ketti/