Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда балабақша күтушісі бүлдіршінді ұрды деген күдікке ілінді: оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау қаласында жекеменшік балабақшалардың бірінде бала күтушінің кішкентай қызды ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде баяндап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Балабақшадағы бала күтуші бүлдіршінді басынан ұрып, кейін итеріп жіберген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Видеодан кішкентай баланың маңдайы кереуеттің шетіне соғылғанын байқауға болады. Анасының сөзінше, қызының ауызы ісіп, маңдайы көгеріп кеткен. Алайда балабақшадағылар болған жайтты мойындамай, бала өзі құлап қалды деген. 

"Қызым балабақшаға небәрі 3 күн барды, осы жағдай сол үшінші күні орын алған. Тәрбиеші өзі құлап қалды деді. Камерадан тексерген кезде қызымды ұрғанын көріп шошып кеттім. Тәрбиешісіне хабарлап, басшысына, бала күтушіге жеткізсін дедім. Бірақ ешқайсысынан кері жауап болмады. Қызым сол күні түнімен құсты, маңдайы көгеріп кеткен, травмпункте апардым", - дейді бүлдіршіннің анасы. 

Болған оқиға бойынша Атырау облыстық полиция басқармасы мәлімдеме жасады. 

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп жауап берді полиция басқармасы. 

Атырау білім беру басқармасы қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатырғандығын, одан басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын алға тартты. 

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150277-atyrauda-balabaqsha-kutushisi-buldirshindi-urdy-oqigaga-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/