Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда суға батып кеткен үшінші жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

Жарияланған күні:

Жайық өзені
Жайық өзені. Фото: Атырау облыстық ТЖД

Үш жасөспірім 26 тамызда Жайық өзеніне батып кетті. Екі адамның денесі сол күні шығарылды. Бірақ үшінші жасөспірімнің денесі бүгін, 27 тамызда табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2024 жылы 27 тамыз сағат 06:30-дан бастап Атырау қаласы, Береке ауылында Жайық өзеніне шомылуға тиым салынған жерде суға батып кеткен 2008 жылы туған үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары басталып, сағат 9:15-те жасөспірімнің денесі судан шығарылды", - делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 құтқарушы, 1 техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылған.

Құтқарушылар тұрғындардан судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды талап етті. Атырауда биыл суға түсу маусымы жабылғаны хабарланды.

Еске салайық, 2024 жылғы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түсті.

Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері 26 тамыз сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2154081-atyrauda-suga-batyp-ketken-ushinshi-zhasospirimning-denesi-ozennen-tabyldy/