jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апаты: Lexus жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қарағанды облысындағы жол апаты
Қарағанды облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

2 қыркүйекте Қарағандыда болған жол апатына кінәлі деген күдікпен Lexus көлігінің жүргізушісі қамалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

55 жастағы көлік жұргізушісінің ұсталғаны туралы ақпарат Қарағанды облыстық ПД Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Алдын ала ақпарат бойынша, Lexus көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырған. Полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығынан бейнебақылау камераларының жазбаларын алған. Қазір тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болғанын хабарлаған едік. Көп ұзамай оқиға орнында алған жарақаттары салдарынан бір адам қаза тапқаны, үш адам медициналық мекемеге жеткізілгені анықталды.

Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-арналардың бірінде жарияланды. Видеоны түсіріп алған куәгер жол апатының Аманжолов көшесіндегі 43-үйдің маңында болғанын айтты.

"Бұл қалай? Адам жоқ па? Адам жоқ, ол "ұшып" кетіпті. Қорқынышты, өте қорқынышты. Көлік қатты "ұшып" кетті. Көмек көрсетіп жатыр. Бір адамды таба алмай жатыр, қиын жағдай. Көшеде біреу айғайлап жатыр ма, жоқ. Бұлай қатты айдаудың не қажеті бар? Сағатына 40 шақырым деген белгі тұр ғой. Неге?", - дейді видео авторы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.