Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі оқушы қыз терезеден құлап кеткен

Жарияланған күні:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Алматыда екі оқушы қыз терезеден құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті бұл деректі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті өкілдері.

Ведомство өкілдері басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бұдан дейін Щучье қаласында 12 жасар қыздың бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткені хабарланған болатын. Ол ауруханаға жатқызылды.

Осыдан бір ай бұрын Астанада төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2161948-almatyda-eki-oqushy-qyzdyng-denesi-tabyldy/