Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қайтыс болды
Жарияланған күні:
Желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды деген ақпарат пайда болды. Полиция департаменті қайғылы жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты қайтыс болды. Ол 19 жаста болған. Жігіт Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен деген болжам бар", - делінген Halyqstan Telegram-арнасында.
Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Осы факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Абай облысында пәтерден бір әскери бөлімнің әскери қызметкерінің денесі табылған еді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164416-almatyda-uqk-shekara-akademiiasynyng-kursanty-qaitys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.