Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көпқабатты үйдегі өрттен егде жастағы әйел мерт болып, ұлы зардап шекті (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: freepik.com

Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 74 шаршы метр алаңда өрт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ТЖД автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адамды құтқарды, оның ішінде 6 бала бар. Сонымен қатар өртсөндірушілер 54 адамды соның ішінде 30 баланы эвакуациялады.

"Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда 9 жастағы қыз сіріңкемен ойнап тұрып, тұрғын үйдің кіреберісін өртеп жібере жаздағанын жазған едік.

Желіде оқиға орнынан видео жарияланды. Онда қыз кіреберісте өртке оранған велосипедтің қасында тұрғаны, кейін оқиға орнынан қашып кеткені таспаланған. Өрт өрши түседі де, куәгерлер оны сөндіруге тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2165586-atyrauda-kopqabatty-uidegi-ortten-aiel-mert-bolyp-uly-zardap-shekti-video/