Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы өрт 6 мың гектар жерді шарпыған

Жарияланған күні:

Жедел штаб отырысы
Жедел штаб отырысы. Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Павлодар облысында Қарағанды облысынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен дала өртін сөндіру жалғасып жатыр. Өрт шалған жердің ауданы шамамен 6 мың гектарға жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өртке қатысты ақпаратты Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында жариялады. Оған сәйкес, жағдай қалың өскен шөптердің және 12-15 м/с дейінгі екпінді желдің салдарынан күрделеніп барады.

"Кеше түнде облыс әкімі Асайын Байханов өңірлік жедел штабтың отырысына қатысты. Өртті сөндіруге 310 адам, 51 бірлік мамандандырылған техника, 1 әуе кемесі, 3 пилотсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар тартылған мамандарды тамақтандыруды және арнайы техниканы жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде", - делінген әкімдік хабарламасында.

Өртті сөндіру үшін су Шалқаркөл көлінен және Желтау ауылындағы ұңғымадан алынып жатыр.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Ал бүгін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2170986-pavlodar-oblysyndagy-ort-6-myng-gektar-zherdi-sharpygan/