jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында пойыз жеңіл көлікті жаншып, үш адам қаза тапты

    пойыз жолы
    Рельс. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Ақмола облысында пойыз жеңіл көлікті қағып, үш адам қаза тапты. Автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, ал екеуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна мәліметінше, Степногор-Зоводской жолындағы темір жол өткелінде Audi автокөлігі бос цистернамен келе жатқан локомотивке соғылған.

    Қаза тапқан үш адамнан бөлек, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногор қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті.

    Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

    "Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногорск ауруханаға жеткізілді. Тергеу шеңберінде апаттың мән-жайы мен себептері белгіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр", - Ақмола облысы ПД ақпарат-саясат бөлімінің жетекші маманы Анар Нүкенова.

    Дереккөз: КТК

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.