Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам қаза болып, тағы 16 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төтенше жағдай ауылдағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде болған.
"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын алып шықты, барлығы жеті газ баллоны болған. Жарылыстан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Сонымен қоса құтқарушылар үйінділердің астынан 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізді", - делінген хабарламада.
Қазір газ жарылысы болған жерде жеке құрамның 30-ға жуық маманы және 5 ТЖД техникасы, сондай-ақ жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, психологтар мен Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр.
"Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін Ақмола облысы және Астана қаласы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы тағайындалды. Ақмола облысы ТЖД базасында жедел штаб ашылды, 87162520950 жедел желісінің телефоны жұмыс істейді", - деп ескертеді өңірлік ТЖД.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2188485-aqmola-oblysynda-buryngy-meshit-gimaratynda-gaz-zharylyp-ush-adam-qaza-tapty/